Қазақстан World Happiness Report 2025 рейтингісінде 43-орынға ие болып, әлемдегі ең бақытты 50 елдің қатарына енген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Рейтингтің көшбасында Финляндия тұр. Бұл ел сегізінші жыл қатарынан бірінші орынды ешкімге бермей келеді. Одан кейінгі орындарды Дания, Исландия, Швеция және Нидерланды иеленді.
Қазақстан биыл 43-орынға тұрақтап, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Армения, Грузия және Әзірбайжанды артта қалдырды. Ал Украина 111-орынға ие болды.
Рейтингтің соңғы қатарынан биыл да Ауғанстан көрінді. Одан кейін Сьерра-Леоне мен Ливан орналасқан.
Рейтинг алты негізгі көрсеткішке негізделген. Бірінші - жан басына шаққандағы ЖІӨ (ІЖӨ); өмір сүру ұзақтығы; жомарттық деңгейі; әлеуметтік қолдау; еркіндік пен маңызды өмірлік шешімдерді қабылдаудағы сыбайлас жемқорлықтың әсері.
2024 жылы Өзбекстан ТМД елдері арасындағы ең бақытты мемлекет атанып, 47-орынға тұрақтаған еді. Қазақстан сол кезде 49-орын алған болатын. Биылғы рейтингте Қазақстан 43-орынға көтеріліп, нәтижесін жақсартты.