Қазақстанда ресейлік компаниялар саны азайғаны хабарланды

1037
Adyrna.kz Telegram
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz

Қазақстанда ресейлік заңды тұлғалар саны жылдан-жылға қысқарып келеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Kommersant.ru басылымына сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, соңғы тоқсанда елімізде тіркелген ресейлік компаниялар саны алты жылдағы ең төменгі көрсеткішке жеткен. Қазіргі таңда Қазақстанда шамамен 18 мың ресейлік компания жұмыс істейді. Бұл – 2018 жылдан бергі ең аз көрсеткіш. Ал 2024 жылдың басынан бері олардың саны 500-ге азайған.

Мамандар бұл үрдісті Ресейге қарсы санкциялық қысыммен байланыстырып отыр. Қазақ ұлттық университетінің профессоры Мағбат Спановтың айтуынша, жағдай үрей туғызатындай емес.

«Мен бұл үрдісті қалыпты құбылыс деп есептеймін. Санкциялар мен геосаяси факторлар Ресей экономикасының жалпы белсенділігін төмендетіп отыр. Сонымен қатар, арнайы әскери операция басталған кезде көптеген ресейлік релоканттар Қазақстанға көшіп келіп, уақытша бизнесін ашты. Қазір олардың біразы елге оралды немесе басқа бағыттарға кетті», – дейді профессор.

Оның сөзінше, бұл тенденцияға қарамастан, Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда айналымы азайған жоқ, алайда Қытай бірінші орынға шығып, сыртқы сауда көлемі бойынша Ресейден озған.

Ең көп қысқару сауда саласында байқалған – 200-ден астам компания жұмысын тоқтатып, жалпы саны 7,5 мыңға дейін түсті. IT секторында да 70 компания жабылып, бұл саладағы ресейлік ұйымдар саны 2,5 мыңға дейін қысқарған.

Transasia Logistics компаниясының атқарушы директоры Кирилл Латинский де негізгі себеп – санкциялардың күшеюі екенін айтады.

«2023 жылдың желтоқсанында АҚШ президенті Джо Байденнің жарлығы қабылданып, ресейлік заңды тұлғалар үшін қаржылық операцияларды жүргізу қиындай түсті. Бұл – Қазақстандағы ресейлік бизнеске де әсер етті», – дейді ол.

Еске салсақ, биыл наурыз айында АҚШ бұрынғы президенті Дональд Трамп Ресейге қарсы санкцияларды тағы бір жылға ұзартқан болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер