Баян Алагөзова әлемдік жұлдыз Снуп Догқа қазақи қалпақ кигізіп, шапан жапты

1383
Adyrna.kz Telegram

Танымал қазақстандық продюсер, актриса және кәсіпкер Баян Алагөзова 10 мамыр күні жазылушыларымен қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ол өзінің Instagram парақшасында америкалық танымал рэпер Снуп Доггтың қазақстандық KeshYOU тобымен бірге бейнебаян түсіргенін айтты.

«Біз интриганы сақтап, оны бомба етіп жариялағымыз келді, бірақ Snoop Dogg мұны біз үшін жасады, менің қымбатты жазылушыларым, мен сіздерден Snoop-қа жылы шырай танытуларыңызды сұраймын. Біздің қыздар, біздің KeshYOU, олар шынымен керемет», – деп жазды Баян Алагөзова.

Қазақстандық продюсер рэпермен бірге түскен суретін де жариялады. Онда Снуп Догтың қазақша шапан мен кепка кигені көрсетілген. Баян Алагөзова ұлттық киімдердің қазақстандық дизайнер Аида Қауменованың туындысы екенін атап өтті.

«Аида, қымбатты досым, Снупқа сіздің шапаныңыз бен бас киіміңіз қатты ұнады және ол оны біздің алдағы ғасырлар бойы есте қалатын бейнебаянымызда киіп түсті», - деді ол.

Айта кетейік, рэпер де Instagram желісіндегі парақшасында жаңа трек шығарғанын хабарлады.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер