Әнші Алсу «Голос.Дети» байқауының қатысушыларынан кешірім сұрады

2343
Adyrna.kz Telegram
Сурет: dzen.ru
Сурет: dzen.ru

Ресейлік белгілі әнші Алсу «Голос.Дети» байқауының қатысушыларынан кешірім сұрап, қызы өнер көрсеткен шоуда дауыс сатып алғанын мойындады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Мен көпшіліктен кешірім сұрағым келеді. Барлығымыз балаларымызды жақсы көреміз және оларға қолымыздан келгенше көмектескіміз келеді. Мен дұрыс емес әрекет жасадым. Сондықтан қызым Микелладан және басқалардан кешірім сұраймын», - деді өнер иесі Наталья Подольскаяның YouTube арнасына берген сұхбатында.

Еске салайық, осыдан 5 жыл бұрын, 2019 жылы Алсудың қызы Микелла Абрамова «Голос.Дети» шоуының жеңімпазды атанған еді. Ол көрермен даусының арқасында қазақ әншісі Ержан Максимнен басым түсті. Ал отандасымыз екінші орынға табан тіреді. Финалда ол Димаш Құдайберген айтып жүрген «All by Myself» әнін орындап, көрермендерді тәнті етті.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Пікірлер