“Кешірім сұраудың мәні жоқ”. Черчесовтің тіл туралы айтқаны алдынан шыға берді

1456
Adyrna.kz Telegram
Фото: meta-ratings.kz
Фото: meta-ratings.kz

Қазақстан құрамасының бас бапкері, ресейлік маман Станислав Черчесов қазақ тілі туралы айтып, сынға ұшырған сөзіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Sports.ru порталы жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Еске салсақ, Словениямен өткен Ұлттар лигасының матчынан (0:1) кейін Қазақстан құрамасының бас бапкері, ресейлік маман Станислав Черчесов қазақ тілінде сұрақ қойған «ПСЖ» жейдесін киген журналистке: «Сен қазір французша сөйлеп тұрсың ба?» деген еді. Осы сөзден кейін ол Қазақстанда тілге құрметсіздік көрсетті деп сынға ұшырады.

Кейін Черчесов бұл жағдайға түсініктеме берді.

"Мүлдем ештеңе болмады. Шынымен. Айтқаным шындық. Бұл мәселені осылай өршітуге ешқандай негіз болған жоқ. Ешкімге (журналистке) ренжімедім, ешнәрсе жаман айтпадым. Өз жұмысымды жасап жүрмін. Өзіме де қалжың айта беремін, көріп тұрғаныңыздай. Журналист «ПСЖ» формасын киіп, матчқа келіп, бірінші сұрақ қойды. Мен онымен әзілдесіп сөйлестім. Егер әзілді түсінбесе, демек, менің қателігім. Бірақ кешірім сұраудың мәні жоқ, өйткені ештеңе жасаған жоқпын. Тіпті одан орнынан тұрып, айналуын өтіндім, адамдар не айтқанымызды түсінуі үшін”, – деді Черчесов.

Қазақстан футбол федерациясы бұл әрекеті үшін Черчесовқа 738 400 теңге көлемінде айыппұл салған болатын. 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер