Президент тапсырмасымен. Алматыда сейсмологиялық зерттеулер жүргізілмек

1457
Adyrna.kz Telegram
Akorda.kz
Akorda.kz

Президенттің тапсырмасымен Алматыда арнайы сейсмологиялық зерттеулер жүргізілмек, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

12 сәуірде Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңес отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды тапсырмаларын жариялады.

«Сондай-ақ біздің алдымызда энергетикалық іркілістерді, эпидемияларды және құрғақшылықты болжау және алдын алу міндеті тұр. Тиісті министрліктер мен әкімдіктер төтенше жағдайлардың ықтимал қауіптерін ескере отырып, гидрология, климатология, география, инженерия және т.б. салаларды дамыту бағдарламаларын қарастыруы керек»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Одан бөлек, Президент Тоқаев Алматы аумағында сейсмологиялық зерттеулердің жүргізілетінін айтты.

"Менің тапсырмаммен Алматы аумағына арнайы сейсмологиялық зерттеу жүргізіледі. Әкімдік үш жылдық зерттеу жұмыстарына қаржы бөледі. Энергетикалық апатты, эпидемияны, қуаңшылықты болжау және оның алдын алу мәселесі аса маңызды. Жауапты министрліктер тиісті саланы, ал әкімдіктер аймақтарды дамыту бағдарламаларын қайта қарауы керек. Әсіресе, төтенше жағдай туындау қаупі бар-жоғын мұқият зерттеу қажет. Бұл жұмысқа ғылыми қауымдастықты жұмылдырған жөн. Яғни гидрология, климатология, география, инженерия және өзге де сала мамандарын тарту қажет", - деді президент.

Пікірлер