Қадамы құпия күзет қызметінің көмекке келгені айтылды

3414
Adyrna.kz Telegram

Мемлекеттік күзет қызметінің әскерилері Ақмола облысының Жібек жолы ауылына барды. Олар құтқарушыларға су тасқыны салдарын жоюға көмектеседі, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ТЖМ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Осы сәтте Ақмола облысы Жібек Жолы ауылында Мемлекеттік күзет қызметі күштерінің тобы авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде. МКҚ қызметкерлері елді мекенге жақын жердегi үйінді бөгеттің жағалауын нығайтуда және су тасқынынан зардап шеккен жергілікті тұрғындарға медициналық көмек көрсетіп жатыр»,—делінген хабарламада.

Айта кетейік, мемлекеттік күзет қызметі  президентке тікелей бағынатын және есеп беретін, елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын және президенттің, басқа да күзетілетін адамдардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша күзет іс-шараларын жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік орган.

Пікірлер