Орынборда Жайық өзенінің деңгейі 1054 см көтерілді

1170
Adyrna.kz Telegram
Фото: АқЖайық
Фото: АқЖайық

Ресейдің Орынбор облысы Орынбор ауданындағы Жайық өзенінде су деңгейі 1054 см-ге дейін көтерілді. Бұл туралы бүгін Орынбор облысының үкіметі өзінің Telegram каналында жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«11 сәуір күні сағат 06:00-дегі жағдай бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейі 1054 см құрайды», - делінген аудан әкімдігі таратқан хабарламада.

Бұған дейін Жайықтың Ресей бөлігінде бөгет бұзылып, тұрғындарды эвакуациялау басталғаны туралы хабарланған болатын. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен РФ Төтенше жағдайлар министрлігіндегі әріптестерімен тікелей байланыста болып, жағдайды қадағалап отырғанын мәлімдеді.

Осыған байланысты жағдайды бақылау және болуы мүмкін төтенше жағдайларға жедел ден қою мақсатында қаланың жедел қызметтері күшейтілген режимге көшірілді.

Бұған дейін Орынбор облысындағы жағдайға Төтенше жағдайлар министрлігі басшысының ұсынысымен федералдық ауқымдағы төтенше жағдай мәртебесі берілген болатын.

Көктемгі су тасқынынан Ресейдің 39 облысы зардап шекті. Ең көп зардап шеккен Орынбор облысы, 5 сәуірде Орск қаласында орналасқан бөгет бұзылып, мыңдаған үй мен учаскені су басып қалды.

Пікірлер