Каспий теңізінің деңгейі. Әзербайжан ғалымы мәлімдеме жасады

872
Adyrna.kz Telegram
Фото: inbussines.kz
Фото: inbussines.kz

Жер бетіндегі ең үлкен тұйық су қоймасы Каспий теңізінің деңгейі циклдік ауытқуларға ұшырайды. Бұл туралы Caliber.Az тілшісіне Әзербайжан ғылым және білім министрлігіне қарасты Хасан Әлиев атындағы география институтының Каспий теңізі бөлімінің меңгерушісі, профессор Әмір Әлиев мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ғалымның айтуынша, 1978 жылдан 1995 жылға дейін Каспий теңізінің деңгейі көтеріліп, кейін қайта төмендей бастаған.

«Болжамдарға сәйкес, Каспий теңізінің деңгейінің төмендеуі келесі 10-15 жылда жалғасады. Ал 2040-2050 жылдар аралығында жаңа көтерілу күтілуде. Жалпы соңғы 4000 жылда Каспий деңгейі шамамен 200-220 жыл төмендеді, содан кейін дәл сол кезеңде көтерілді. Соңғы рет ең жоғары деңгей 1805 жылы тіркелген. Сол күннен бері су деңгейі төмендеп келеді, бірақ кейде аздаған көтерілу байқалады», - деді ғалым.

Айта кету керек, Каспий теңізінің тайыздануы кеме қатынасы мен балық аулауға үлкен зиян келтіреді. Жалпы, Әзербайжанда теңіз деңгейінің төмендеуіне байланысты жағалау сызығы 100, 200, 500 метрге, кей жерлерде тіпті бір шақырымға шегінді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер