Күдікті Нұрсұлтан лауазымды қызметке тағайындалды

3175
Adyrna.kz Telegram
Фото: domain
Фото: domain

Нұрсұлтан Мұсағалиев Орынбор облысы министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ресейдің Украинаға жасаған басқыншылық соғысына қатысқан Нұрсұлтан Мұсағалиев Орынбор облысының өңірлік және ақпараттық саясат министрінің орынбасары міндетін атқарушы болып тағайындалды. Бұл туралы облыс губернаторы Денис Паслер хабарлады.

Украина қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, Мұсағалиев Ресей қарулы күштерінің 76-шы гвардиялық десанттық-шабуылдау дивизиясының 104-полкінде барлау взводының командирі болған.

Ол Ресейдің ең жоғары марапаттарының бірі – "Ресей батыры" атағын алған. Сонымен қатар, оған үш "Ерлік ордені" және "Отан алдындағы еңбегі үшін" орденінің II дәрежелі медалі табысталған.

Украинаға басқыншылық соғысқа қатысқаннан кейін Мұсағалиев Ресей президенті Владимир Путиннің бастамасымен құрылған "Батырлар уақыты" кадрлық бағдарламасы аясында тағылымдамадан өткен.

Губернатор Паслердің айтуынша, жаңа қызметінде Мұсағалиев "арнайы әскери операция" ардагерлері мен олардың отбасыларына қолдау көрсетумен айналысатын қоғамдық ұйымдардың жұмысын үйлестіреді.

Украинаның құқық қорғау органдары Нұрсұлтан Мұсағалиевті соғыс заңдары мен дәстүрлерін бұзды деп айыптайды.

Ресми деректерге сүйенсек, 2022 жылдың 24 ақпанында ол Киевке шабуыл жасау үшін Буча ауданына келген. Сол жерде бейбіт тұрғындарға қарсы "тазалау" операцияларына қатысқан, ал бұл әрекеттер қорқыту және қарсыласу қозғалысын басу мақсатында жасалған.

Украина тергеу орындары Мұсағалиев өз жауынгерлеріне 29 жастағы жергілікті тұрғынды ұрлап әкетуді бұйырғанын мәлімдеді.

Украина билігі Мұсағалиевтің әскери қылмыстарға қатысы барын атап өтіп, оны халықаралық іздеуге беруі мүмкін.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер