Ер адамның балалар алаңшасына құрылыс материалын лақтырғаны айтылды

1335
Adyrna.kz Telegram
tengrinews.kz
tengrinews.kz

Ер адам жетінші қабаттың терезесінен балалар алаңына құрылыс материалдарын лақтырғаны анықталды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Оның әрекеті видеоға түсіп қалған. Кадрлар әлеуметтік желіде көптің ашуын туғызды.

Белгілі болғандай, оқиға Астана қаласындағы “Варшава” тұрғын үй кешенінде болған.

Полиция құқық бұзушы ұсталып, ауруханаға жатқызған.

"Полиция қызметкерлері осы тұрғын үй кешенінің 49 жастағы тұрғынын анықтады, оны жедел жәрдем бригадасы арнайы медициналық мекемеге жатқызды", – делінген хабарламада.

Пікірлер