23-24 қараша күндері Астанада Қазақстан Қарулы күштері авиациясы жоспарлы түрде көкке көтеріледі, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.
«2024 жылғы 23-24 қараша күндері Астана қаласынан Қазақстан Қарулы күштері авиациясының жоспарлы ұшулары өтеді. Аталған іс-шара арнайы түтінді пайдалану арқылы Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің оқу-жаттығу ұшулары шеңберінде өткізілмек. Авиацияның ұшуы қауіпсіз биіктікте өтетіндіктен, қала өмірінің әдеттегі қалпын бұзбайды. Іс-шара ұшу қауіпсіздігі шараларына сәйкес ұйымдастырылатындықтан, тұрғындарға ешқандай қауіп төндірмейді. Қолданылатын түрлі-түсті түтіндердің экологиялық зияны жоқ», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Президент Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдірген еді.