Қазақстанда алтын қоры қанша уақытқа жететіні айтылды

1394
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Елімізде алтынның 20-25 жылға жететін қоры бар. Бұл жайлы Геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаров мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қазіргі таңда Қазақстанда алтынның 2 300 тонна геологиялық қоры бар. Жыл сайын тағы 90 тонна өндіріледі. Жалпы алғанда алтынның 20-25 жылға жететін қоры бар»,—деді ол 4 сәуір күні ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Төраға алдағы уақытта барлау жұмыстары жалғасын тауып, жетілдірілетінін атап өтті.

«2022 жылы геология саласын дамытудың тұжырымдамасы бекітілді. Сол тұжырымдамадағы біздің бірінші бағытымыз – мемлекеттің геологиялық зерттеу жұмыстарының тиімділігін арттыру. Ол – 200-дік масштабтан 50 мыңдың масштабқа көшу. 50 мыңдық масштаб аумақтарды толық анықтауға мүмкіндік береді»,—деп толықтырды Ерлан Ақбаров.

Пікірлер