"Жетім бала". Түркістанда жасөспірімдер қатарласын соққыға жыққан

1037
Adyrna.kz Telegram
tengrinews.kz
tengrinews.kz

Түркістанда жасөспірімдер жаппай төбелес ұйымдастырған, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Қатарласын аяусыз соққыға жыққан жасөспірімдер өз әрекетін видеоға түсіріп алған. Полиция департаменті желіде пайда болған кадрға қатысты пікір білдірді.

Оқиға Сарыағаш ауданында болған. Сондай-ақ, БАҚ-та жарақат алған жасөспірімнің жетім екені де айтылуда.

Түркістан облысы ІІД баспасөз қызметі Сарыағаш ауданындағы бұзақылыққа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Кәмелетке толмағандардың жеке басы анықталып, барлығы полиция бөліміне жеткізілген.

"Жәбірленуші анасымен бірге тұрады. Ата-анасы ажырасқан. Күдіктілер сол ауылдың тұрғындары, 7-9-сынып оқушылары. Жанжалға қатысушылардың ата-аналары бала тәрбиелеудегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тартылады. Аудан әкімдігі жанындағы арнайы комиссия отырысында білім беру мекемелерінің басшылары мен мұғалімдердің жауапкершілігі қаралады. Іс облыстық ішкі істер департаменті бастығының бақылауында», - деп түсіндірді Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Пікірлер