Шешенстанда полицейлерге шабуыл жасады деп айыпталған жасөспірімнің мәйіті алаңға қойылды

947
Adyrna.kz Telegram
Фото: Шешенстан арналарынан
Фото: Шешенстан арналарынан

7 сәуірде Шешенстанның Ачхой-Мартан қаласында белгісіз жасөспірім патрульдік қызмет полицейлеріне пышақпен шабуыл жасады. Бір полицей ауруханада көз жұмды, тағы екеуі жараланды. Келесі күні шабуыл жасаған деп айыпталған жасөспірімнің мәйіті қала орталығындағы алаңға қойылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ВВС-ге сілтеп.

Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен мектеп оқушылары митингке қатысуға мәжбүрленді.

Куәгерлердің айтуынша, мәйіт қанға боялған қапқа оралған күйде алаңға жеткізіліп, көпшіліктің көзінше ашылған. Әйелдердің жылағаны, кейбірінің есінен танып қалғаны туралы хабарланды. Шара барысында жергілікті әкім мен шариғат сотының өкілі сөз сөйлеген.

Оппозициялық Telegram-арналар таратқан видеоларда мәйіт айналасында жиналған халықтың абыржулы сәттері бейнеленген. Мәйіт кейін басқа орынға ауыстырылып, сол жерде де бірнеше уақыт жатқаны байқалады.

Бұл жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. Ресей президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі кеңестің мүшесі Ева Меркачева мұны "ортағасырлық қатыгездік" деп атап, мұндай әрекеттердің ешқандай құқық нормасына сай келмейтінін мәлімдеді.

Республика басшысы Рамзан Қадыров шабуылдан кейін шұғыл жиын өткізіп, шабуылдаушының туыстарын республикадан қууға бұйрық берді. Ол олардың мүлкін тәркілеп, сатуды және бұл қаржыны мұқтаж жандарға бөлуді ұсынды. Егер туыстары ұрпағын тоқтатпаса, алдағы бір ай ішінде алыс туыстарының да мүлкі тәркіленіп, республикадан шығарылады деді.

Қадыров шабуыл жасаған жасөспірімнің Мәскеуден Ораза айт мерекесіне келгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, шабуыл шетелден – Украина мен Түркиядан басқарылған болуы мүмкін.

Журналист Закир Магомедов бұл жағдай Шешенстанда бұрыннан қолданылып келе жатқан ұжымдық жаза тәжірибесінің жалғасы екенін айтады. Бірақ мәйітті көпшілікке көрсету – бұрын-соңды болмаған әрекет екенін атап өтті. "Бұл – үрей туғызу тәсілі, өзгелерге сабақ болсын деген ескерту", – дейді ол.

Қазіргі уақытта жасөспірімнің туыстары құқық қорғау органдарында ұсталып отыр. Кейбір мәліметтерге қарағанда, оларға соғыста қызмет ету арқылы кінәсін "өтеу" ұсынылған.

Кремль бұл жағдайға нақты түсініктеме бермей, ақпараттың оппозициялық арналардан шыққанын алға тартты.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер