Алматыда «Zhubanoffest – 2024» I Халықаралық заманауи музыкасы фестивалі өтті

1606
Adyrna.kz Telegram

Наурыз айында Қазақстан, Испания және Ресейдің заманауи жетекші музыканттардың орындауы мен шеберлік сыныптары; заманауи композиторлар шығармаларының әлемдік премьералары, жас қазақстандық суретшілер көрмесі, «ХХІ ғасырдың музыкалық мәдениетіндегі тұлға-білім-шығармашылық» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Конференция барысында қазіргі музыка саласында шешілмей жатқан қызықты әрі өзекті мәселелер қозғалды. Қазақ мәдениетіне еңбегі сіңген тұлғалар еске алынды, мысалы Ірі филолог, тюрколог Құдайберген Жұбановтың музыкаға қатысы бар ойлары бар екендігі айтылды, қазақ музыкасын үйрету жолдары туралы сөз қозғалды, сольфеджи пәндерін оқыту мәселелері жайында айтылды. Сондай-ақ музыкаға байланысты орысша сөздерді бір жүйеге келтіріп аудары мәселелері көтерілді.

Конференция қатысушысы Мерей Сембай шараға қатысты пікір білдірді.

"Zhubanoffest фестивалінде мектептің камералық оркестрі "Giovani talenti" (құрамы 25 оқушы), дирижер Аршат Шариптің жетекшілігімен және Испаниядан келген қонақтар композитор, пианошы Карлес Касес, Ресейлік виолончельші Светлана Товстуха, скрипкашы Альберто Регерамен бірлесіп үлкен концерт қойды. Концертте Ахмет Жұбановқа арналған Карина Измаилованың фортепиано және камералық оркестрге арналған "Арнау" шығармасы, Карлос Касестің жеке шығармалары, мектептің 10 сынып оқушысы Алдияр оркестргі өзі өңдеген Пабло дэ Сарасатэнің "Интродукция және Тарантеллл" шығармаларын және т.б. орындады. Бағдарлама өте қызықты және жаңа шығармалардан тұрды", - деді ол.

Конференция барысында Біржан Мыңбаев камералық оркестрге өңдеген Дәулеткерейдің "Көроғлы" туындысы орындалды.

Пікірлер