Гидролог: Көктемде үлкен су тасқыны болатыны айқын еді...

1547
Adyrna.kz Telegram
Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

Еліміздің бірнеше өңірінде су тасқыны жүріп, төтенше жағдай жарияланды. Жыл сайын қайталанатын су тасқынына биліктің неге дайын болмағанына гидролог ғалым жауап берді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Гидролог ғалым Марат Молдахметов су тасқыны жайында бірнеше мәліметтер ұсынды.

"Ғарыш сапары мекемесі алған 1,4 млрд теңге қаржы неге ақталмады? Бәрінің жауабы біреу-ақ: білікті мамандар тапшы. Ғалымдарға жағдай жасалмай, ешнәрсе түзелмейді. Білікті маманға жол берілмейді, жеме-жемге келгенде сол мамандардың ақылына жүгінеді. Торғай өңірінде апаттық су тасқыны болатыны бесенеден белгілі болды. Былтырғы Ұлытаудағы жұттан кейін-ақ, көктемде үлкен су тасқыны болатыны айқын еді", - делінген Ғылым-білім бар жұрттар Telegram арнасында.

Ғалым жазбасында Гальпериннің «Уровни рек Казахстана» деген монографиясы бар екенін, бірнеше деректерді ұсынды.

"Әлеуметтік желіде бұрынғы Қараторғай совхозына баратын жол бұзылды деген видео шыққан күні-ақ, Қызылжұлдызды су алатыны белгілі болған.
Біздің түбімізге бейғамдық жетеді. Геоақпараттық жүйенің 3D модельдері арқылы жер бедерін есепке алып, өзен арнасы қай биіктіктен, яғни жарқабақтан бастап жайыла бастайтынын анықтауға болады. Өзеннің ұзына бойымен осындай әлсіз жерлерді анықтап, ұсыныстар беруге болады. Мәселе кешенді түрде қаралуы керек. Су саласы мекемелерінде отырған басшылар мен гидролог, метеоролог ғалымдар, гидротехниктер бір тілде сөйлесуі керек. Тематикалық карталар жасалуы тиіс. Су тасқынын басқару үшін басшылар ең болмағанда қарапайым ұғымдарды білуі керек", - деп сынады ғалым.

Пікірлер