Пандемияда отшашу шашқан "Нұрсұлтан" әкімі елшілікке кетпек

1089
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алтай Көлгіновті Қазақстанның Эстониядағы елшісі қызметіне тағайындады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп. 

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды», - делінген хабарламада.

Нұрлан Сейтімов бұл қызметтен босатылды.

Көлгінов 2023 жылдың маусымына дейін Премьер-Министрдің орынбасары қызметінде болды. Оған дейін ол Астана, Батыс Қазақстан облысының және Орал қаласының әкімі болған.

Көлгінов елде коронавирус жайлаған кезде "Нұрсұлтан" аталған Астананың әкімі болатын. Ел астанасы сол кезде пандемиядан ең қатты зардап шеккен қаланың бірі болды. Сол үшін де 2020 жылы Президент Тоқаев Алтай Көлгіновке ескерту де жасаған.

Мұның сыртында, Алтай Көлгінов қалада, жалпы елде коронавирустан көз жұмғандар саны артып, елде дәрі-дәрмек жетіспей, ауруханалар лықа толған кезде 2020 жылы 6 шілде, "Астана күні" (Назарбаевтың да туған күні) қалада үлкен отшашу ұйымдастырғанымен де атышулы болған. Ол астана әкімі қызметінен су дауына қатысты босаған.

Пікірлер