“Террористе ұлт та, дін де жоқ». Тәжікстан президенті Кремльмен сөйлесті

1506
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ресей президентінің баспасөз қызметі
Фото: Ресей президентінің баспасөз қызметі

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонов Мәскеудегі терактіден кейін Ресей президентімен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Тәжікстан президентінің ресми сайты жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Тәжікстан президенті «Крокус Сити Холлдағы» қанды террористік әрекетті айыптап, «террористерде ұлт та, отан да, дін де жоқ екенін» ерекше атап өтті.

Тәжікстан президенті қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтатынын жеткізді. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі. Оның айтуынша, Тәжікстан азаматтарының Жалпыұлттық аза тұтып жатқан Ресеймен тілегі бір.

“Сондай-ақ тараптар терроризм, экстремизм мен діни радикализмге қарсы күрес жолында тығыз әрекет етуді жалғастыруға мүдделі екенін растады”, - делінген ресми хабарламада.

Пікірлер