Отан қорғау сезімі 10 жылда 10 пайыздай төмендеді

1416
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандықтардың 60 пайызға жуығы қолына қару алып, Отанын қорғауға дайын, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Gallup International-ға сілтеме жасап.

Зерттеу ұйымы жүргізген сауалнамаға 45 елден 46 138 адам қатысқан. Әр елде, соның ішінде Қазақстанда 2023 жылдың қазанынан желтоқсанына дейін 1000-ға жуық адам сауалнамаға жауап берген.

Ел тұрғындарының 58 пайызы өз отанын қорғауға дайын болса, 26 пайызы қарсылық білдірген. Ал қалған 16 пайызы бір шешімге келе алмаған. Отн қорғауға тілек білдіргендердің 2015 жылғы көрсеткіші бұдан басқаша болатын. Сол жылы қазақстандықтардың 69 пайызы отан қорғауға дайын екенін айтқан.

Соңғы сауалнама бойынша ресейліктердің небәрі 32 пайызы ғана осында тілек білдірген.

Еуропа, АҚШ және Канада тұрғындары соғысқа барғылары келмейтінін жеткізген.

Сарапшылардан айтуынша, 10 жыл бұрын бүкіл әлемде өз елі үшін күресуге дайын адамдар көп болды. Зерттеушілер статистиканың төмендеуін соңғы жылдары жер шарының әртүрлі бөліктерінде болып жатқан қақтығыстармен байланыстырды.

Пікірлер