Журналист Әйгерім Тілеужан колониядан екінші рет емделуге шығарылмады

1156
Adyrna.kz Telegram

Журналист Әйгерім Тілеужан колонияда екінші рет емделуге шығарылмай отыр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Бұл туралы адвокат Айнара Айдарханова мәлімдеді.

«Қылмыстық іс қозғалғаннан кейін Әйгерім Тілеужан екінші рет жоспарлы ақылы емделуге жіберілмеді. Оған себеп айтылмайды», – дейді адвокаты Айнара Айдарханова.

Еске сала кетейік, 5 наурызда журналист Әйгерім Тілеужанға қатысты жаңа қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.

2022 жылдың қазан айында Әйгерім Тілеужан Алматы әуежайындағы қаңтардағы тәртіпсіздікке қатысты күдікті болғаны айтылды. Оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 272-бабының 1-бөлігімен (зорлық-зомбылықпен, қырғынмен, өрт қоюмен, мүлікті жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды қолданумен, сондай-ақ билік өкіліне қарулы қарсылық көрсетумен ұштасқан жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру) бойынша айып тағылды.

2023 жылдың сәуір айының басында Тілеужан бұл істі саяси астары бар деп атады.

2023 жылдың 11 шілдесінде сот Тілеужанды төрт жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Қаңтардың 30-ы күні белсенді Ринат Рафхат қамаудағы саясаткер Әйгерім Тілеужанның денсаулығының нашарлағаны туралы хабарлады.

2024 жылдың 5 наурызында Әйгерім Тілеужанға қатысты жаңа қылмыстық іс қозғалды. Оның адвокаты істі қысқарту керектігін айтты.

Пікірлер