Алматыда әскери қызметкердің отбасында үшем дүниеге келді

1785
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласындағы Қарулы күштердің Райымбек батыр атындағы десанттық-шабуылдау бригадасы ротасының старшинасы 3-сыныпты сержант Сейітжан Асылбековтың отбасында үшем дүниеге келді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі.жариялады, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы

Наурыз мейрамы қарсаңында Алматы қаласының перинаталдық орталығынан ол зайыбы мен үшемін, яғни екі ұл мен бір қызын шығарды.

Сейітжан мен Минира Асылбековтардың отбасында он бір жасар қызы Диана өсіп келеді. Ұзақ уақыт бойы ата-аналар екінші баланың болуын армандаған. Енді Минара үшемді дүниеге әкелді. Жұбайлар ұлдарға Сұңқар мен Заңғар, ал қыздарына Сырғалым деген ат қойды.

“Әйелім үшемге аяғы ауыр екенін білгенде қатты таң қалдым. Менің де, оның да тұқымдарында егіздер бар. Бірақ ешкімде үшем жоқ екен. Мен бақыттымын. Ішімнен ұл болса екен деп тіледім. Ойымдағым қабыл болып, бірден екі ұл, бір қыз өмірге келді. Енді осындай отбасымның алдында үлкен жауапкершілік тұрғанын да сеземін”, – деп қуанышын айтты 3-сыныпты сержант Сейітжан Асылбеков.

Үшемнің дүниеге келуі отбасының өмірін түбегейлі өзгерткендей. Енді Асылбековтар жатақханадағы бөлмеден кең пәтерге көшеді. Ал сәбилерді қарауға әжелері мен әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс қызметі көмектеседі.

Пікірлер