Қырғызстанда «шетел агенттері» туралы заң қабылданды

623
Adyrna.kz Telegram
Сурет: pixabay
Сурет: pixabay

Қырғызстан парламентінің депутаттары ресми түрде «шетел агенттері» туралы заң жобасын қабылдады, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Құжатқа 66 депутат дауыс берсе, 5-і қарсы болды. Заң жобасы Қырғызстан президентінің қол қоюына жіберілді.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, егер заң қабылданса, Қырғызстандағы «шетел агенттері» «шетелдік өкілдер» деп аталады. Олар Ресейдегі «шетелдік агенттер» тізіміне бастапқыда енгізілген критерийлер бойынша енгізіледі: шетелдік қаржыландыру және саяси қызмет. Оларға жоспарлы (жылына бір реттен жиі емес) және жоспардан тыс тексерулер белгіленеді.

Сондай-ақ заң жобасында «шетел агенттерінен» өз қызметі туралы егжей-тегжейлі есептерді, соның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражаттың аудиті мен олардың пайдаланылуы, басшылық туралы ақпарат, қызметкерлердің саны және олардың жалақысы туралы ақпаратты жүйелі түрде ұсыну талап етіледі. Сонымен қатар, олар жарты жылда бір рет БАҚ-та өз қызметі туралы есебін жариялауы тиіс.

Азаматтардың жеке басы мен құқықтарына қол сұғатын, сондай-ақ азаматтарға күш көрсетуге немесе олардың денсаулығына өзге де зиян келтіруге, заңсыз әрекеттер жасауға итермелеуге әкеп соғатын коммерциялық емес ұйымды құрғаны және басқарғаны үшін 50 мыңнан 100 мыңға дейінгі сом айыппұл салуға немесе бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады. Мұндай бірлестіктердің қызметіне белсенді қатысқаны және оларды насихаттағаны үшін 100-ден 200 мың сомға дейін айыппұл салу немесе 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Пікірлер