Атыраулық әйел жаңа туған сәбилерін сатып жіберген

1735
Adyrna.kz Telegram

Атырауда әйел адам өз балаларын сатқан, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Бұл туралы Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Атырау қаласының тұрғыны жаңа туған сәбилерін сатып жіберген. Сот материалдарына сәйкес, жауапқа тартылған әйел жүкті болған сәтінен-ақ материалдық жағдайын жақсарту үшін балаларын саудалаған.

Ол босанбай тұрып бір отбасымен келіскен. Баланы өмірге әкелгеннен соң нәрестені сатып жіберген.

Кейінгі жүктілігінде де әйел алаяқтық жолмен ақша табуға бел байлаған. Ол тіпті екі отбасыға жаңа нәрестені сатуға уәде беріп, ақша алып алған. Бірақ әйел ізін суытып үлгеріпті.

Ал жәбірленушілер 2,3 млн теңгеден айырылып қалған. Ал алаяқ ана басқа отбасымен келісім жасап, баласын беріп кеткен.

Сот үкімімен балаларын сатқан және алаяқтық жасаған ана 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал жаңа туған нәрестелерді сатып алған отбасылар шартты түрде үш жылға сотталды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер