Тудағы жазу. Бірі қамалды, екеуіне айыппұл кесті. Тағы бірі белгісіз

446
Adyrna.kz Telegram

Атырауда туды өзгертіп суретке түскен қыздарға сот үкімі шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы «Мой Город» басылымына сілтеп. 

Сот мұны "ұсақ бұзақылық" деп танып, қыздардың біреуін 15 тәулікке қамады.

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бабына сәйкес, мұндай әрекетке 20 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5 тәуліктен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылған", – дейді Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты.

Бұған дейін сот үкімімен қыздардың бірі 15 тәулікке қамалған еді. Оның жазасын ауырлатқан жайт әлгіндей әрекетке жасөспірімді тартқан және топ болып әрекет етуге мұрындық болған.

Екінші қызға 78 640 теңге көлемінде айыппұл салынды. Үшінші, кәмелет жасына жетпеген қыздың ата-анасы да 39 мың теңге айыппұл арқалады. Фотода төртінші қыздың қандай жаза алғаны белгісіз.

Еске салсақ, Атыраудағы мұз айдынында төрт бойжеткен қара ниқаб киіп, өзгертілген Қазақстан туымен суретке түсіп, қоғам наразылығын тудырған еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Пікірлер