Мемлекеттің ең маңызды құрамдас бөлігі – мемлекеттің құқықтық негізі

477
Adyrna.kz Telegram

Әр мемлекет саясатының ең маңызды құрамдас бөлігі – оның құқықтық негізі болып табылады. Құқықтық нормалар саясатқа оны анықтайтын, әмбебап құқықтық кеңістікті құрайтын, саяси процеске қатысушылардың құзыреттілігінің негізін белгілейтін прогрессивті динамиканың маңызды бөлігін құрайды. Қазіргі қоғам өмірінде құқықтың рөлі күрт өскенін, әрі қарай да өлшеусіз өсетінін айта кеткен жөн. Бұл біздің қоғам, жеке және заңды тұлғалар өздерінің өзекті мәселелерін шешу үшін заңды белсендірек пайдалана бастағанымен түсіндіріледі. Қазақстандағы құқық саласының дамуына да осы фактор себеп болды.

       Қазақстан – демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет. Әрбір зайырлы, құқықтық мемлекеттердегі секілді Қазақстанның да ең басты байлығы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Әр адам саяси немесе басқа да наным-сенімдеріне, тіліне, дініне,  ұлттық, немесе әлеуметтік тегіне, нәсіліне, түр-түсіне, жынысына, әлеуметтік топтарына немесе басқа да белгілеріне қарамастан тең құқылы. Және де әрбір адам өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға, қалпына келтіру үшін сотқа жүгінуге құқығы бар. Әрбір адамның және азаматтың құқықтарының заң алдында тең болуы Қазақстан Республикасы Конституциясымен кепілдендірілген. Қазақстанда адам құқығы қалай қорғалады? Осы сауалға жауап берейік. Адам құқықтары дегеніміз – адамның өз ойын, мақсатын, мүддесін заң аясында жүзеге асыру мүмкіндігі. Жалпы адам құқықтары табиғи және әлеуметтік болып екіге бөлінеді. Табиғи құқықтар дегеніміз – адам тіршілігінен туындайтын құқықтар. Яғни, адамның еркін өмір сүруі, оның бостандығына қол сұғылмауы т.б. Ал әлеуметтік құқылар дегеніміз – адамның мемлекетпен өзара әрекеті процесінде пайда болатын құқықтар. Яғни білім алу, еңбек ету, азаматтық алу, сот әділдігіне жүгіну, еркін жүріп-тұру т.б.

     Сол себепті, құқықтық нормативтердің іске асырылуын зерттеуге байланысты қоғам жаңа шешімдерді талап етеді. Бұл мемлекеттің құқықтық саясаты саласындағы тиісті бағдарламаларды, заңнамалық жұмыстың ұзақ мерзімді және жылдық жоспарларын және елдің нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу үшін негіз болып табылады. Оның мемлекеттік құқықтық міндеттерге қол жеткізудің маңызды құралы болып табылатын мемлекеттік билік институттарының тиімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталуы өзекті мәселе. Еліміздің алдағы жылдардағы құқықтық саясатының негізгі басымдықтарын айқындайтын тұжырымдама құқық салаларын белсенді жетілдіруге және қазақстандық заңнаманың жаңа буынын қалыптастыруға ғана емес, сонымен бірге азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты қорғаудағы сот және құқық қорғау органдарының тиімді жұмысына бағытталуы керек. Қазақстанда құқықтық мемлекетті қалыптастырудың негізгі міндеті конституциялық нормалардың өміршеңдігін, заң мен сот алдында барлығының теңдігін, екі жақтың да өзара жауапкершілігін қамтамасыз ететін саяси, құқықтық және басқа да кепілдіктер жүйесін құруды көздейді. Әділет министрлігі жыл сайын мемлекеттік органдармен бірлесіп жеке сот орындаушыларының, нотариустар, заң консультанттары палаталарының, адвокаттар алқаларының, волонтер-студенттердің және үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен халықтың құқықтық мәдениетін, құқықтық мінез-құлық дағдыларын және құқықтық санасын қалыптастыруға бағытталған  «Әділет кеңес береді», «Ашық есік күндері» «Қоғамдық қабылдау», «Халық заңгері», «Заң керуені» құқықтық консультация беру акцияларын өткізеді. 

      Мұндай шаралардың мақсаты –  азаматтардың құқықтық нормалары туралы білімін арттыру, азаматтардың өз құқықтары мен мүдделерін қорғауды, нақты жағдайларда құқықтық білімді практикалық қолдануды үйрету, азаматтар үшін құқықтық ақпарат пен білім беру ресурстарының қолжетімділігін арттыру, осылайша әркім құқықтық мәселелер бойынша қажетті білім мен түсінік ала алады. Сондай-ақ 2023-2024 жылдарға арналған «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасының тұжырымдамасын іске асыру бойынша жұмыстар жасалуда.  «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасының мақсаты – Қазақстан халқының құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын қалыптастыру, құқықтық мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру. Арнайы жоба аясында жергілікті атқарушы органдардың үкіметтік емес ұйымдармен (ҮЕҰ) және қоғамдық бірлестіктермен, халықты жұмыспен қамту орталықтарымен, басқа да оқу орындарымен ынтымақтастыққа мүдделі білім беру ұйымдарымен әріптестік байланысы жүзеге асырылуда. Осылайша, мемлекет азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық санасының дамуын, олардың әкімшілік және сот өндірісінде заңмен қорғалатын мүдделерін, сондай-ақ халықтың кең ауқымының білікті заң көмегіне қол жеткізуін қамтамасыз ететін жағдайлар жасайды.

Пікірлер