Президент Тоқаев Болгарияны ұлттық мерекемен құттықтады

1699
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария халқына құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Ақордаға сілтеп.

Президент Болгария басшысы Румен Радевті Азат ету күнімен құттықтады.

"Бүгінде Болгария Еуропа Одағының белсенді мүшесі ретінде өзінің тұрақты даму және халықаралық қауымдастықтағы беделін арттыру жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Осы тұста Сіздің көшбасшылығыңызбен еліңіз биік мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектеспін. Астана мен София арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастықтың аясы жылдан-жылға кеңейіп келе жатқанын ризашылықпен атап өтемін. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында елдеріміздің сан қырлы байланыстары болашақта одан әрі нығая түсетініне сенімдімін", – деп жазылған жеделхатта.

Бұл күні Болгария Османлы қамытынан босатылған күні елді мекендердің көшелеріне өз өткенінен бас тартқысы келмейтін адамдардың едәуір бөлігі шығады. Олар орыс және болгар жалауларын көтеріп, шам жағып, ескерткіштерге гүл шоқтарын қойып, тізе бүгеді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер