Шешендік журналист қазақстандықтарды алғыс айту күнімен құттықтады

2419
Adyrna.kz Telegram

Шешендік журналист Саид Бицоев Қазақстан халқын көктемнің алғашқы күніндегі алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Саид Бицоев қазақстандықтарға ізгі тілегін арнады:

"Сіздерді көктемнің осы тамаша мерекесі – Алғыс айту күнімен құттықтаймын. Біз 1944 жылы Қазақстан паналаған репрессияға ұшыраған ингуш шешендердің тікелей ұрпағымыз. Біз бірнеше саяси қасіретті кезеңді бірге өткерген елдерміз.  Сталиндік террордың ауыр зардаптарынан әлі айыға қоймаған қазақстандықтар Кавказ халқына көмек қолын созды. Қазақстандағы «сталиндік террор» құрбандарының жалпы саны бірнеше миллионнан асады. Бірақ дана қазақ шешен, ингуш және басқа жер аударылған халықтардың өздері сияқты құрбан болғанын түсінді. Сондықтан мүмкіндігінше көмектесіп, қолдау көрсетуге тырысты, бұл ондаған мың адамды ажалдан аман алып қалды" деп жазды журналист өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сондай-ақ, ол қазақстандықтардың жанашырлығын ешқашан ұмытпайтынын айтты:

"Ғасырлар өтсе де, қазақтың ерлігі, батылдығы мен тектілігі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, жүрегімізде сақталады. Біз қазірден бастап бірге болуға лайықпыз! Бауырлас халық болуға дайынбыз! Рақмет, қазақ елі!" деді ол.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Пікірлер