"Жалған ақпаратпен күресуге - 4,5 млн доллар". АҚШ-тың Қазақстанға ақша бөлгені айтылды

1913
Adyrna.kz Telegram
Фото: Tvnet.lv
Фото: Tvnet.lv

АҚШ президентінің баспасөз хатшысы Каролин Левитт Джо Байден командасын қаржыны ысырап етті деп айыптады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Оның айтуынша, Ақ үйдің бюджет қаражаты әртүрлі мақсаттарға жұмсалған, соның ішінде Қазақстандағы "дезинформациямен күреске" 4,5 миллион доллар бөлінген. Алайда, Левитт бұл қаражаттың нақты қалай жұмсалғаны туралы егжей-тегжейлі ақпарат бермеді.

Сондай-ақ, ол Гватемаладағы жыныс ауыстыру бағдарламасына 2 миллион доллар бөлінгенін атап өтті.

"Иракта жаңа шоу жасауға 20 миллион доллар, ал Қазақстандағы "жалған ақпаратпен күресуге" 4,5 миллион доллар бөлінді. Байден Мысырдағы "туризмді қаржыландыруға" тағы 6 миллион доллар бөлді", - деді Левитт.

Бұған дейін Ақ үй USAID-ті "Аль-Каида" содырлары үшін азық-түлік пакеттерін қаржыландырды деп айыптаған болатын. Осыған байланысты АҚШ президенті Дональд Трамп USAID басшылығында бірқатар отставкалардың болатынын мәлімдеді.

"Бұл агенттік радикалды ессіздер тобының басқаруында. Біз оларды қызметінен аластатамыз, содан кейін шешім қабылдаймыз", - деді ол.

Айта кетейік, USAID – АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі, ол шетелдегі азаматтық көмек пен даму саласындағы ынтымақтастықты басқаруға жауапты.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер