Тағы бір тұлға экс-президент мәртебесінен айрылуы мүмкін

1315
Adyrna.kz Telegram
Сурет: rfi.fr
Сурет: rfi.fr

Жогорку Кенеш отырысында депутат Ақылбек Тұмонбаев бұрынғы мемлекет басшысы Сауранбай Жиенбековті Қырғызстанның экс-президенті мәртебесінен айыруды ұсынды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оның айтуынша, экс-президент жемқор шенеуніктердің қатарында.

«Қазір президент пен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы жемқорлықпен белсенді күресіп жатыр. Бұған дейін жемқор шенеунік Райымбек Матраимов туралы көп айтылып, оның кесірінен кейбір депутат қызметіне кетті. Тазарту жұмыстары әлі жүріп жатыр. Бірақ бүгінде олардың арасында ұмыт болған Сауранбай Жиенбеков те бар. Ол Матраимовты саясат сахнасына алып келді. Сауранбай Жиенбеков мемлекет есебінен күн көріп, мемлекеттік көлік мініп, мемлекет ақшасын алып отыр», — деді Ақылбек Тұмонбаев.

Жогорку кеңеш вице-спикері, депутат Нұрланбек Азығалиев Жиенбековті экс-президент мәртебесінен айыру үшін фракция шешімі қажет екенін, содан кейін комиссия жасақталатынын атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қырғызстан парламенті елдің бұрынғы басшысы Алмазбек Атамбаевты қол сұқпаушылық құқығынан және экс-президент мәртебесінен айырған еді.

Пікірлер