Тәліптер Түркіменстанға қолқа салды

959
Adyrna.kz Telegram
Фото: hronikatm.com
Фото: hronikatm.com

«Тәліптер» қозғалысы құрған Ауғанстан үкіметінің сыртқы істер министрі Әмір Хан Муттақи Түркіменстан билігінен Герат провинциясына электр қуатын жеткізуді арттыруды сұрады. Бұл өтініш 26 ақпанда Түрікменстан Сыртқы істер министрлігінің басшысы Рашид Мередовпен кездесуінде айтылды. Бұл туралы «Хроника Туркменистана» Ауғанстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Муттақи бұрын түрікмен тарапы модернизациялаған «Нұр әл-Джихад» электр қосалқы стансасы арқылы электр қуатын жеткізуді арттыруды сұрайды. Түркіменстанның электр энергиясын қандай бағамен жеткізіп жатқаны хабарланбаған, дегенмен Tolonews жазғандай, Ауғанстан сауда-инвестициялық палатасының мүшесі оның құнының төмендігін атап өтті.

Талибан тағы не сұрады:

  •  Ауғанстандық кәсіпкерлер мен көлік қызметкерлеріне виза беруді жеңілдету;
  • Мазари-Шарифке дейін Тургунди-Герат және Андхой-Шыбарған теміржол желілерінің құрылысын жалғастыруға инвестиция салу;
  • Түрікменстанда оқитын ауғандық студенттердің шәкіртақысын көбейту.

Мередов бұл өтініштерге келісті. Түрікменстан Сыртқы істер министрлігінің басшысы Ашхабадтың ТАПИ жобасы бойынша  (Түркіменстан, Ауғанстан, Пәкістан газ құбыры) көп жұмыс атқарғанын және екі елдің командалары осы бағытта жұмыс істейтінін баса айтты. Жақын арада Ауғанстанда құрылысын бастайды.

Осы ретте Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов наурыздың 3-і мен 5-і аралығында Ашхабадта Ауғанстан өндірушілерінің тауарларының көрмесін, сондай-ақ түрікмен-ауған бизнес форумын өткізу туралы жарлыққа қол қойды.

2021 жылы Түркіменстанның сол кездегі президенті Гурбангулы Бердімұхамедов өз елі Ауғанстанның жаңа үкіметімен тығыз жұмыс істеуге және Ауғанстандағы жағдайды қалыпқа келтіруге көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Сол жылы Мередов Кабулда тәліптермен ТАПИ құрылысы бойынша келіссөздер жүргізді.

Пікірлер