Маңғыстау облысында тамақтан уланғандардың саны артты

1994
Adyrna.kz Telegram

Маңғыстау облысында фастфудтан уланғандардың саны 36 адамға жетіп, олардың 28-і ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 8 адамға медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаториялық ем тағайындалған.

Дәрігерлердің айтуынша, ауруханаға жатқызылған науқастардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Уланғандар аудан орталығындағы «Али-Ман» атты дәмханада тамақтанған. 22 ақпаннан бастап аталған қоғамдық тамақтану орнының қызметі уақытша тоқтатылды.

«Науқастарға облыстың бас инфекционист-дәрігерімен телемедицина арқылы консилиум ұйымдастырылып, тиісті ем-дом тағайындалды. Бейнеу аудандық көпсалалы ауруханасы дәрі-дәрмектердің жеткілікті қорымен қамтамасыз етіліп, қосымша 20 адамға орын дайындалады. Амбулаториялық ем алатын науқастарға қажетті бактерияға қарсы және симптоматикалық ем тағайындалды. Қазір осыған байланысты эпидемиялық шаралар жалғасып жатыр», - деп жазылған Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасыны баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сонымен бірге, жаппай тамақтан улану дерегі бойынша Маңғыстау облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер