Оқ тиген Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы қалай?

853
Adyrna.kz Telegram

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің жағдайы бір қалыпты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы

«Төрт сағатқа созылған медициналық көмек көрсетіліп, науқасқа ота жасалды. Қазір науқастың жағдайы тұрақты, өз бетімен жүріп-тұра алады. Алайда, әлі де дәрігерлердің бақылауында», — деді Әлназарова.

Айта кетейік, Берденовке 21 сәуір күні кешкі сағат 20:30 шамасында қалалық әкімдік ғимаратының жанында оқ атқан еді. Берденовті атқан күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалған.

Пікірлер