Алматыдағы тұрғын үйде болған өрт орнынан үй иесінің мәйіті табылды

1810
Adyrna.kz Telegram

25 ақпан күні сағат 02:49-да Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Қарасай ауданының Райымбек ауылдық округіндегі тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Құтқарушылар оқиға орнынан үй иесінің денесін тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Анықталғандай, өрт салдарынан аумағы 68 шаршы метрлі тұрғын үйдің төбе жабыны құлаған.

"Сағат 04:00-де өрт оқшауланып, 05:03-те сөндірілді. Өрт орнынан 1960 жылғы үй иесінің мәйіті табылды", - делінген хабарламада.

Мамандардың алдын ала болжамы бойынша, ер адамның өліміне электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.

Өртті сөндіруге 20 қызметкер мен төтенше жағдайлар қызметінің 6 бірлігі, полиция, жедел жәрдем техникасы жұмылдырылды.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер