Grand Kartal апаты. Өрттен қаза тапқан балалар саны - 36

2219
Adyrna.kz Telegram
Фото: sputnik.by
Фото: sputnik.by

Түркияның Болу қаласындағы Карталкая тау шаңғысы курортында орналасқан Grand Kartal қонақүйінде болған өрт салдарынан 36 бала қаза тапқан, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Haberler.com сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға кезінде балалардың көп болуының себебі елде демалыс уақытымен түсіндірілді.

Басылым қаза тапқан балалардың тізімін жариялап, олардың барлығы 18 жасқа толмағанын атап өтті. Журналистердің мәліметінше, бұл трагедия кем дегенде 30 отбасын қамтыған.

Түрік БАҚ осы күндері қаза болғандар туралы жиі ақпараттар жариялап отыр. Бұған дейін бір әулеттің он төрт адамы осы қрт кезінде қаза тапқаны айтылды. 

Қазіргі уақытта, Болу қаласының прокуратурасы қонақүйдегі өрттен 79 адам қайтыс болғанын мәлімдеді.

Қылмыстық іс бойынша күдіктілердің саны 15 адамға жетті. Түркияның әділет министрлігі қонақүйдің иесі, директор және басқарушысы, Grand Kartal брендіне иелік ететін компанияның басшысы мен Болу қаласының вице-мэрі мен өрт сөндіру қызметінің орынбасары қамауға алынғанын нақтылады.

Еске сала кетсек, 21 қаңтарға қараған түні Түркияның Карталкая тау шаңғысы курортында ірі өрт орын алып, 79 адам қаза тапты. Трагедияға байланысты Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 22 қаңтарды  жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған еді.

Пікірлер