Екі көлік аударылып қалған. Алматыда бірнеше жол-көлік оқиғасы болды

917
Adyrna.kz Telegram
Видеодан скриншот
Видеодан скриншот

Алматыда қолайсыз ауа-райына байланысты бірнеше жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, түнде Алматыда алты жол-көлік оқиғасы, ал таңертең Шығыс айналма жолда екі жол апаты болған.

Нұрмағамбетов көшесінің қиылысында екі көлік соқтығысып, аударылып қалған. Салдарынан бір адам медициналық көмекке жүгінген. Ал Орынбор көшесімен қиылысында алты көлік соқтығысқан. Зардап шеккендер жоқ.

"Ауа температурасының төмендеуіне, сондай-ақ кейбір учаскелердегі көктайғаққа байланысты Алматы полициясы жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік шараларын күшейтуге және жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады", - деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер