Украинада 10 мыңнан аса бейбіт тұрғын қаза тапты — БҰҰ

2171
Adyrna.kz Telegram
Сурет: delfi.lt
Сурет: delfi.lt

Біріккен Ұлттар Ұйымы Ресей-Украина соғысының нәтижесінде соңғы екі жылда 10 мыңнан аса украиналық бейбіт тұрғынның қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі DW-ге сілтеме жасап,

БҰҰ-ның адам құқықтарын бақылау миссиясының құжатталған деректерінде Украинада 10 582 адамның қаза тауып, 19 875 азаматтың жарақат алғаны көрсетілген.

Марқұмдардың көпшілігі Украинаның шығыс облыстарында қаза тапқан. Алайда БҰҰ құрбандардың нақты саны одан да көп болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Қазіргі таңда халықтың 40 пайызға жуығы гуманитарлық көмекке зәру. Ал елдің 2,2 миллион азаматы көрші мемлекеттерге бас сауғалаған.

Айта кетейік, Ресей Украинаға қарсы өз әскери қимылдарын 2022 жылы 23 ақпаннан 24 ақпанға қараған түні бастаған еді. Елдер арасындағы соғыс қазірдің өзінде де жалғасуда.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер