Қазақстанда есірткі өндіретін ұйымдасқан қылмыстық топ арнасы жойылды

774
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың (ҰҚТ) есірткі арнасы жойылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚР ІІМ ресми интернет-ресурсына сілтеп.

«Ішкі істер министрлігі трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың синтетикалық есірткіні өндіру және тарату арнасын жойды. Полиция үш шетелдікке қатысты трансұлттық ұйымдасқан топ құру, оған жетекшілік ету және оған қатысу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады», - делінген сәрсенбі күні таратқан хабарламада.

Күдіктілер Ақмола облысы Ерейментау қаласының іргесіндегі психотроптық заттардың аналогтары заңсыз дайындалып, сақталаған күдіктілердің бірі жалдаған уақытша жеке үйде ұсталды.

«Әр қатысушының рөлдері, тапсырмалары және нақты әрекеттері топ мүшелері арасында нақты бөлінді. Дәрілік зертхана заманауи салқындату және желдету жүйелерімен, сондай-ақ «синтетика» өндіруге арналған жабдықтармен жабдықталған. Есірткілер қатаң құпиялылық жағдайында дайындалған. Қатысушылар көршілерін алдап, өте қажет болған жағдайда ғана үйден шығуға машықтанған. Бейнебақылау камералары үй алаңының периметрі бойынша ұйымдастырушыға Wi-Fi шығысымен орнатылды. Сонымен қатар, шикізат пен дайын препараттарды сақтауға арналған гараж, автокөлік сатып алған. Сатып алынған мүліктің барлығы «сұр» схема бойынша төленіп, шетелдік сатып алушыға тіркелмеген», - деді ІІМ имидждік жұмыс және ішкі коммуникациялар басқармасының бастығы Шыңғыс Әлекешев.

Тінту кезінде барлығы 12 келіден астам мефедрон мен 17 келіден астам прекурсорлар тәркіленді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан дүниежүзі бойынша есірткіні белсенді қолданатын алдыңғы он елдің қатарына кірген еді.

Пікірлер