АҚШ Израильге ірі қару-жарақ партиясын жібермек ниетте екені айтылды

1948
Adyrna.kz Telegram
Фото: Amir Cohen / Reuters
Фото: Amir Cohen / Reuters

АҚШ әкімшілігі Израиль армиясының арсеналын толықтыру үшін Израильге бомбалар мен басқа да қарулардың жаңа ірі партиясын жіберуге дайындалып жатыр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы The Wall Street Journal (WSJ) дереккөзіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, жіберілетін қару-жарақ ондаған миллион долларға бағаланады. Сонымен, Вашингтон Израильге мыңға жуық МК-82 бомбаларын, KMU-572 жоғары дәлдіктегі бағыттау жиынтықтарын және FMU-139 бомба сақтандырғыштарын бермек ниетте.

Аты-жөнін жасыруды жөн көрген АҚШ билігінің өкілі ұсынылған жеткізу туралы жоспар әлі де АҚШ әкімшілігінің қарауында екенін және оның конфигурациясы өзгеруі мүмкін екенін айтты. Сондай-ақ Ақ үй бұл ақпаратқа ресми түрде түсініктеме берген жоқ.

Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлескені туралы хабарланған болатын. Саясаткерлер Рафахтағы әскери операцияны талқылады. Әңгіме барысында американдық көшбасшы бейбіт тұрғындар үшін қауіпсіздік шараларын енгізбестен Газа секторының оңтүстігіндегі операцияға қарсы шықты.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не трогайте больные суставы! Просто перед сном смажьте обычным...
Пікірлер