АҚШ әкімшілігі Израиль армиясының арсеналын толықтыру үшін Израильге бомбалар мен басқа да қарулардың жаңа ірі партиясын жіберуге дайындалып жатыр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы The Wall Street Journal (WSJ) дереккөзіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, жіберілетін қару-жарақ ондаған миллион долларға бағаланады. Сонымен, Вашингтон Израильге мыңға жуық МК-82 бомбаларын, KMU-572 жоғары дәлдіктегі бағыттау жиынтықтарын және FMU-139 бомба сақтандырғыштарын бермек ниетте. Аты-жөнін жасыруды жөн көрген АҚШ билігінің өкілі ұсынылған жеткізу туралы жоспар әлі де АҚШ әкімшілігінің қарауында екенін және оның конфигурациясы өзгеруі мүмкін екенін айтты. Сондай-ақ Ақ үй бұл ақпаратқа ресми түрде түсініктеме берген жоқ. Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлескені туралы хабарланған болатын. Саясаткерлер Рафахтағы әскери операцияны талқылады. Әңгіме барысында американдық көшбасшы бейбіт тұрғындар үшін қауіпсіздік шараларын енгізбестен Газа секторының оңтүстігіндегі операцияға қарсы шықты.“Адырна” ұлттық порталы
Новости по теме
Глава Казахстана Касым-Жомарт Токаев выступил перед парламентом с Посланием народу «Экономический курс Справедливого Казахстана»
Маулен Ашимбаев: «Инклюзивные виды спорта дают возможность особенным детям развиваться физически и социализироваться»
