Алматы тұрғыны 11 жыл бойы алған зейнетақысын мемлекетке қайтаруы керек

2970
Adyrna.kz Telegram

Алматы тұрғыны 11 жыл бойы алған 12 млн теңге зейнетақысын мемлекетке қайтаруы керек, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мұндай шешімді жуырда қаланың Түрксіб аудандық соты шығарды.

Белгілі болғандай, 2010 жылдың 1 тамызында Алматы қаласының тұрғынына зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалған.

Сол жылдың 10 ақпанында әйел Шешенстан Республикасының Ахматов ауданында да зейнетақы ала бастаған. Осылайша ол екі елде қатар зейнетақы алып жүрген, бұл Қазақстан заңнамасын бұзу болып табылады.

Сот отырысында зейнеткер ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өзіне қойған талабын мойындады. Сот шешімі бойынша ол енді бюджетке 12 318 134 теңге – 2010 жылдың тамызынан 2021 жылдың қыркүйегіне дейін заңсыз алған зейнетақысының сомасын төлеуі керек. Сондай-ақ бұл сомаға 123 182 теңге мемлекеттік баж салығы қосылды.

“Адырна” ұлттық порталы

 

Пікірлер