Серік Шалов: Қорғаныс министрінен бастап трибуналға тарту керек!

3324
Adyrna.kz Telegram

Бұдан 10 жыл бұрын, яғни 2009 жылғы наурыз айында мен Қорғаныс министрінің баспасөз хатшысы лауызымында әскери қызметте жүргенімде сол кездегі Қорғаныс министрі Даниал Ахметовтың бұйрығымен бір топ әскерилермен бірге шұғыл түрде әскери ұшақпен Арыс қаласына ұшып шығып едік... 2009 жыл наурыз айында Арыстағы қару-жарақ сақтайтын үлкен арсеналда "Қазарсенал" ЖШС снарядтарды жою кезінде бірнеше жарылыс болды. Үш адам жарылыс орнында қаза болып, компанияның 17 жұмысшысы дене күйіктерімен ауруханаға түсті. Кейінірек қаза болғандардың саны төрт адамға дейін өсті деген хабар жетті. Үкіметтің арнайы комиссиясы бұл жарылысқа қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзу себеп болғанын анықтады. Үлкен лауазымдағы әскерилердің біреуі де жазаға тартылған жоқ. Жылы жауып қоя салды. Сол жарылыстың себептерін емес, салдарымен айналысқанның арқасында 2014 жылы жазда тағы да Арыста "Қазақжарылысөнеркәсібі" Акционерлік Қоғамының оқ-дәріні жою зауытында тағы да жарылыс болып, ер адам мен бір әйелдің оқиға орнында қаза болғаны туралы Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялады.
2015 жылғы 8 қарашада Арыстағы "Қазтехнология" ЖШС-нің жару алаңындағы полигонда жарылыс болып, технолог 1974 жылы туған Ермұрат Иманқұлов деген азамат мерт болды. (қаза болды). Енді міне, әркез тұтанып тұратын вулкан сияқты жарылыстардан не Үкімет, не әскери ведомство дұрыс нәтиже шығармағаны бейбіт өмірде үлкен апатқа әкеп соқтырды. 2019 жылығы 24 маусымда Арыс маңындағы қару-жарақ сақтайтын қоймада тағы да жойқын жарылыс болды. Әлі де жалғасуда. Осыған орай, ең бірінші, ХАЛЫҚТЫ ШҰҒЫЛ ТҮРДЕ ҚАУІПСІЗ АЙМАҚҚА ЭВАКУАЦИЯ ЖАСАУ керек, ол үшін қолда эвакуациялық нақты жоспар болу керек. Үлкен эвакуациялық командалар құру керек.
Екінші, шұғыл түрде полевой госпитальдарды жақын маңға құрып, мықты хирургтар мен дәрігерлерді алдырту керек. Жақын қалаларға жараланғандарды вертолетпен(!) жеткізу керек. Үшіншіден, бос қалған мемлекеттік және әлеуметтік нысандар мен үй-жайларды, магазиндерді тонамас үшін милиция мен ішкі істер органдарынан оцепления құру керек. Жарылыс аяқталған соң, Үкімет пен шет елден тәуелсіз әскери комиссия тағайындап, жақсылап тұрып расследования жасау керек те салғырттық пен немқұрайлық танытқандары үшін Қорғаныс министрінен бастап жауапты генералдар мен басқа да лауызым иелерін под трибунал жауапқа тарту КЕРЕК!!!

Серік Шалов

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер