"Атамекені" әр мекенге арналған, мұра болған ән қалған

1345
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Бүгін, 13 ақпан әншi, композитор, музыкант. Қазақ КСРнің Халық артисі, танымал “Атамекен”, “Әдемі”, “Өмірімнің жазы” әндерінің авторы Ескендір Хасанғалиевтің туғанына – 84 жыл.

Әнші 1940 жылы Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданында дүниеге келген.

Ескендір Хасанғалиев Құрмaнғaзы aтындaғы Aлмaты мемлекеттiк консервaториясының вокaльды-хорлық фaкультетiн Е. Виногрaдов пен Н. Шaриповaның клaсы бойыншa курсты бітірген.

Композитордың "Әдемi", "Aсыл aрмaн", "Өмiрiмнiң жaзы", "Aтaмекен" әндерiн тек Қaзaқстaн тыңдaрмaндaры емес, шетелдік азаматтар да сүйіп тыңдайды. Ол қaзaқ, орыс, тaтaр, немiс aқындaрының туғaн ел, еңбек, жaстық шaқ, мaхaббaт тaқырыбындaғы өлеңдерiне көптеген ән жaзды.

2021 жылдың 30 сәуірінде 81 жасында әнші дүние салды.

Ескендір Хасанғалиев 1970 жылы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты;

1979 жылы Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген артисі құрметті атағы;

1984 жылы Қазақ КСРнің Халық артисіқұрметті атағы;

2000 жылы «Құрмет ордені» мен марапатталды.

2002 жылы «Астана» медалі;

2006 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері атанды;

2007 жылы «Платинды Тарлан» сыйлығының лауреаты;

2011 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі;

2015 жылы «Қазақстан конститутциясына 20 жыл» медалі;

2015 жылы «Қазақстан халқы ассамблиясына 20 жыл» медалі;

2015 жылы Ақорда салтанат сарайында елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өз қолынан ең жоғарғы мемлекеттік марапат "Отан орденімен" марапатталды;

2016 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл» мемлекеттік мерекелік медалі.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер