“Аса маңызы жоқ шығыстарды қысқарту керек” – Бектенов

2109
Adyrna.kz Telegram

Жаңа Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен қаржы министрлігі 10 күнде республикалық бюджетке ревизия жүргізетін болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Премьер-министр Үкіметтің жұмадағы кеңейтілген отырысында айтты.

«Қаржы министрлігі 10 күн ішінде республикалық бюджетке және бір ай ішінде жергілікті бюджеттердің барлығына ревизия жүргізіп, аса маңызы жоқ шығыстарды айтарлықтай қысқартуы тиіс. Ешкім де ақшаны орынсыз шашпауы керек», – деді премьер.

Сондай-оқ ол Президент берген тапсырмаларды іске асыру туралы мәселелерді пысықтады.

Бектенов бюджет шығыстары толығымен экономикалық табыс әкелуге бағытталып, өнімсіз шығыстар толығымен жойылуы керек екенін нақтылады.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Пікірлер