“Сапасыз спорт киіміне” қомақты қаржы жұмсаған

887
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы басшысының орынбасары Азиада ойындарына арналған спорттық киімдерге бөлінген 383 миллион теңгенің ұрлығына қатысы бар деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме тастап.

«ҚМА астаналық департаменті Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясының лауазымды тұлғаларына аса ірі көлемде қаражат ұрлағаны үшін сотқа дейінгі тергеуді бастады. Мәселен, 2022 жылы Қазақстан құрамасының Азия ойындарына қатысуы үшін өте төмен сападағы қытайлық кроссовкалар мен рюкзактар сатып алынды. Бұл ретте олардың құны үш есе артық. Сонымен қатар жеткізуші аталған тауарлардың отандық шығу тегі туралы жалған құжаттарды ұсынған. Нәтижесінде мемлекет есебінен 383 млн теңге жұмсалған", - делінген сенбі күнгі хабарламада.

ҚМА-да Қазақстан құрамасының өкілдері бұған дейін жабдықтың сапасына шағымданып, оны бір реттік деп атағанын еске салды.

"Дирекция басшысының орынбасары соттың санкциясымен қамауға алынды", - деп қосты агенттік.

Естеріңізге сала кетейік, Қытайда өткен Азия ойындарында қазақстандық құраманың спортшылары спорттық форманың сапасыздығына шағымданып, видео түсірген болатын.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер