Қазақстан жемқорлық рейтингінде алдыңғы қатардан түспей тұр

1280
Adyrna.kz Telegram
Сурет: ашық дереккөз
Сурет: ашық дереккөз

Халықаралық рейтингте Қазақстан жоғары деңгейдегі жемқорлық елдері қатарынан көрінді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Transparency International халықаралық ұйымының 2024 жылғы жемқорлық индексіне сәйкес, Қазақстан 180 елдің ішінде 88-орынды иеленіп, 40 балл жинады. Бұл елдегі жемқорлық деңгейінің әлі де жоғары екенін көрсеткен.

Transparency International Kazakhstan атқарушы директоры Мұрат Данияр Қазақстандағы жемқорлық ел дамуына үлкен қауіп төндіретінін атап өткен.

“Егер бізде еркін БАҚ, күшті азаматтық қоғам және биліктің шынайы есептілігі болмаса, жағдай өзгермейді. Журналистер мен белсенділерге жасалған қысым – елеусіз қалдыруға болмайтын дабыл сигналы,” – деді ол.

Ұйымның мәліметінше, сот жүйесі, атқарушы билік және бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану – жемқорлықтың ең көп кездесетін салалары.

Қазақстан Орталық Азия елдері арасында үздік көрсеткішке ие болғанымен, өңірдегі жалпы жемқорлық деңгейі жоғары болып отыр. Атап айтар болсақ, Түркіменстан 165-орында, Тәжікстан – 164 орында, көршілес Қырғызстан – 146 орында болса, Өзбекстан – 121 орында екен.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Пікірлер