Қырғызстанда сөз бостандығы мен адам құқығына ешқандай шектеулер жоқ - Садыр Жапаров

968
Adyrna.kz Telegram

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров республикада сөз бостандығын шектеу мүмкін емес деп мәлімдеді. Дегенмен, жағдайды тұрақсыздандыруға мүдделі, үгіт-насихат арқылы халық арасында билікке деген сыни көзқарасты қалыптастыратындар бар. Бұл туралы ол «Кабар» басылымына берген сұхбатында «Temirov Live» онлайн-жобасы журналистерінің жағдайына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Садыр Жапаров «сөз бостандығы» деген сөздің астына тығылып, қалағанын жасайтын мұндай адамдарды «жалған патриоттар» деп атады.

«Халық арасында сыни ойлауды дамытуға бағытталған үгіт-насихат жұмыстары белсенді жүргізілуде. Бұл мемлекеттігімізге, ділімізге, салт-дәстүрімізге қайшы келеді. Жалған ақпарат тарауда, біреуге жала жабу әрекеттері көбейді», - деп атап өтті саясаткер.

Бірнеше сағаттан кейін «Кабар» агенттігі Жапаровтың сұхбатының мәтінін өзгертіп, одан «халық арасында сыни ойлауды дамытуға бағытталған үгіт-насихат» деген сөзді алып тастады.

Пікірлер