“Дәкебаев өз еркімен берілген жоқ”. Полиция жедел жәрдем жүргізушісін ұрған адам туралы айтты

3624
Adyrna.kz Telegram
Фото: Facebook
Фото: Facebook

Қарағанды облысының полицейлері Нұрболат Дәкебаев ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаев осыдан бірнеше күн бұрын ұсталған болатын.

Алайда ол көпшіліктен кешірім сұрап, бейне үндеу жасаған болатын. Видеода ол полицияға өзі бірінші болып келгенін айтқан еді.

Бірақ полиция күдікті ер адам іздеуде жүргенде өзі беріліп, келмегенін, бірақ олай істеуге мүмкіндігі болғанын айтты.

«Іздеудегі күдікті Дәкебаев заңды түрде де және іс жүзінде де өз еркімен берілген жоқ. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес қылмыс жасады деген күдікке ілінген адамның өз еркімен берілуі қарастырылған. Бұл жағдайда айыбын мойындау немесе полиция бөліміне өз еркімен келуі болған жоқ. Криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларының кешенін жүргізіп, нәтижесінде мемлекетаралық іздеуде жүрген Дәкебаев ұсталды», – деді Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы Санжар Әділов.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер