Жалған ақпарат. Павлодарда мектепке шабуыл жасалатыны туралы хабарлама тарады

2032
Adyrna.kz Telegram
фото: Оркен-Media
фото: Оркен-Media
Павлодарда белгісіз біреулер қала мектептерінде қылмыс жасауға дайындық жасалып жатқанын айтып, қорқынышты хабарлама жолдады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Павлодар облысының полиция департаменті әлеуметтік желілерде тараған бұл ақпараттың тарауына байланысты тексеріс жүргізуде.
"Әлеуметтік желілерде белгісіз біреулер Павлодар мектептерінде қылмыс жасауға дайындалып жатқаны туралы ақпарат тарады. Аталмыш факті бойынша полиция департаменті тексеріс жүргізіп жатыр. Құзырлы органдармен бірлесе отырып, ол ақпаратты таратқан адамдарды анықтау бойынша жедел іс-шаралар басталды", - делінген ведомство хабарламасында.
Еске сала кетейік, ата-аналардың үрейін ұшырған мұндай хабарламалар бірнеше Ақтөбе және Атырау мектептерінде де осындай шабуыл жасалатаны туралы дерек тарап еді.  Құзырлы орган жалған ақпараттарға сенбеуге шақырды.
"Азаматтардан арандатушылыққа бой алдырмай, тек ресми ақпаратқа сенуін сұраймыз", - деп ведомство облыс тұрғындарына үндеу жолдады.
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер