"Мемлекет пен үкіметке сенуі керек". Ердоған жер сілкінісінен зардап шеккендерге пәтер кілтін табыстады

1648
Adyrna.kz Telegram

Түркия президенті жер сілкінісі салдарынан баспанасыз қалғандарға пәтер кілтін табыс етті, деп хабарлайды "Адырна" порталы Анадолы ақпарат агенттігіне сілтеп.

Режеп Тайып Ердоған елде болған зілзала салдарынан зардап шеккендер мен баспанасыз қалғандардың көп екенін айтты.

«Зерттеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін жер сілкінісі болған аймақта бенефициар саны 390 мың адам болатыны анықталды. Бүгін біз 7 мың 275 азаматқа баспана кілтін табыстап жатырмыз, оның 6 мың 572-сі провинция және аудан орталықтарында, 703-і - ауылдық жерлерде. Жылдың соңына дейін біз 200 мың үйді тапсырып, бірінші тас қаланғаннан кейін құрлысыты бір жыл ішінде аяқтау туралы уәдемізді орындаймыз. Біздің мақсатымыз – ай сайын 15-20 мың үй мен кенттегі үйлерді заңды иелеріне беру», - деді президент Ердоған.

Өткен жылдың 6 ақпанында эпицентрі Түркияның оңтүстік-шығысындағы Қахраманмарашта магнитудасы 7-ден асатын екі жер сілкінісі болған. Елдің 10 провинциясы, Сирияда да дүмпу қатты сезілді.

Тіпті Түркия мен Сирияда мыңдаған адам қаза тапты. Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 50 мың адамнан асты.

«Азаматтарымыз тыныш болсын. Олар өз мемлекеті мен үкіметіне сенуі керек. Мақсаттарымызға қарай алға жылжып жатқанда ықтимал қауіптерді, әсіресе жер сілкіністерін, лаңкестік және экономикалық тұзақтарды бір-бірлеп жоюға бел будық», - деп атап өтті Түркия президенті сөз соңында.

Пікірлер